13.12.2023 _ 14:10

2024 жылдың 1 қаңтарында Жалпыға бірдей декларациялау жөніндегі науқанның үшінші кезеңі басталады - МКК

2021 жылжың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда кезең-кезеңімен жалпыға бірдей декларациялау енгізілді. Мұндағы негізгі міндет сыбайлас жемқорлық пен көлеңкелі экономика деңгейін төмендету; жеке тұлғалардың кірістерін бақылаудың тиімді тетігін құру; әділ салық салуды қамтамасыз ету және әлеуметтік саясатты жетілдіру болып табылады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде сөйлеген сөзінде ҚР ҚМ МКК өндірістік емес төлемдерді, жеке тұлғаларды және арнайы салық режимдерін әкімшілендіру департаментінің директоры Нұржан Қуандықов мәлімдеді.

Ол елімізде Жалпыға бірдей декларациялаудың екі кезеңі өткенін еске салды, олар мемлекеттік қызметшілер мен теңестірілген тұлғаларға, квазимемлекеттік сектор қызметкерлері мен жұбайларына әсер етті. Барлығы 2,6 млн адам қамтылды.

2024 жылдың 1 қаңтарында науқанның үшінші кезеңі басталады. Жеке декларацияны кәсіпкерлер, сондай-ақ олардың жұбайлары ұсынады. 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап азаматтардың қалған санаты тапсырады. Осылайша, 2025 жылы 13 миллионнан астам декларация күтілуде.

«Декларацияда Қазақстан Республикасында да, шетелде де бар барлық мүлік көрсетілуге тиіс. Атап айтқанда, бағалы қағаздар, цифрлық активтер, үлестік қатысу шарттары, 10 мың АЕК немесе 34,5 млн теңге шегіндегі қолма-қол ақша, сондай-ақ шетелдегі жылжымайтын мүлік пен автокөлік құралдары көрсетілуі тиіс», – деп түсіндірді спикер.

Кейін жыл сайын кірістер мен мүлік туралы декларация ұсынылады (270.00-нысан). Құжатта кірістер, салық шегерімдері көрсетіледі.