18.12.2023 _ 11:00

Қуатты өңірлер – қуатты ел: Жетісу өңірі, 2023 ж. Зор әлеует пен мүмкіндіктер

Елдің әлеуеті оның өңірлерінде. Сондықтан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өңірлерді жан-жақты дамытуды мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі ретінде белгіледі. Қазақстан аймақтары 2023 жылды қандай нәтижелермен аяқтайды, аудандарда, қалаларда, ауылдарда қазақстандықтардың өмірі қалай өзгерді, келер жылға қандай жоспарлар мен перспективалар бар? Орталық коммуникациялар қызметі өңірлердің әкімдіктерімен бірлесе отырып, еліміздің әр облысының жыл қорытындысына арналған жобаны іске қосуда. Материалдар топтамасын Жетісу бастайды. Облыс жаңадан құрылған өңірлердің бірі, сондықтан оның даму нәтижелері атқарылған жұмыстардың көрнекі дәлелі болып табылады.

«Жер жәннаты – Жетісу»

Өңір «жер жәннаты» деп аталады, бұл құнарлы жер дегенді білдіреді. Түрлі-түсті ландшафт өзінің сұлулығымен тартады және таң қалдырады. Биылдың өзінде мұны өз көзімен көруге 2 млн астам турист келіп, Алакөл жағалауында 1,5 млн жуық адам болған. Экотуризм жоғары сұранысқа ие. «Алтын Емел» ұлттық паркіне келушілерге ыңғайлы болу үшін инвесторлар визит-орталық ашты. Алғаш рет қызыл кітапқа енген жануарлардың «Алтын Емел – құландар мекені» атты фестивалі өтті. 300-ден астам қонақ жиналды. Туристер алғаш рет табиғи ортада мекендейтін мың құланды көре алды. Шараға еліміздің барлық өңірлерінен табиғи қорықтар мен ұлттық парктердің өкілдері, оның ішінде ұлттық парк қызметкерлерімен бірге қазақ інжу-маржанының бірегей флорасы мен фаунасын сақтауға атсалысып жүрген жергілікті тұрғындар да қатысты.

Экономиканың өсуі, бірегей өнім өндіру және ірі инвесторлардың келуі – өңірдің басты жетістіктерінің бірі.

Өңірдің басты экономикалық көрсеткіштеріне тоқталатын болсақ, облыстың құрылғанына небәрі 1,5 жыл болғанын айта кеткен жөн.

Бұл өз нәтижесін берді. Ең алдымен, экономиканың 17-18% өсімі қамтамасыз етілді. Қысқа мерзімді экономикалық индикатор бойынша 11 айдың қорытындысы бойынша өңір республикада 1-орында535 кәсіпорында 26 мыңнан астам жұмысшы еңбек етеді. Олар қант, уыт, электр аккумуляторлары, жоғары вольтты электр желілеріне арналған темірбетон мен металл тіректер және басқа да өнімдер шығарумен айналысады.

Облыс құрылғаннан бері 23 жаңа өндіріс іске қосылып, жұмыс істеп тұрған бесеуі кеңейтіліп, тағы 759 жаңа жұмыс орны ашылды. Сондай кәсіпорындардың бірі – үш жылдан бері тоқтап тұрған Ақсу қант зауыты. Мұнымен қоса, облыста бұрын өңірде ғана емес, Қазақстанда да өндірілмеген жаңа өнімдерді шығару жолға қойылған. «Майами Солар» ЖШС күн батареяларына арналған картридждер шығара бастады. Кәсіпорынның қуаттылығы жылына 100 мың бірлікті құрайды.

Жалпы биыл 39 млрд теңгеге тағы 12 кәсіпорын іске қосылып, 500-ден астам жұмыс орны ашылады. Облыс экономикасына 20 пайыздық өсіммен 240 млрд теңгеден астам инвестиция тартылды.

Өңір жиналған дәнді дақылдардың көлемі бойынша ең табыстылардың қатарында – биыл өңір бірінші рет 4-ші орынға шықты.

Жетісудың еңбекқор тұрғындары ауыл шаруашылығы өнімдерінің үштен бірінен астамын өңдейді, 120 өңдеуші кәсіпорын бар. Биыл қант қызылшасын екі есе көп өсіріп, 70 мың тоннадан астам қант алынады.

Өңір жетістіктерінің қатарында қуаттылығы жылына 860 мың тонна мыс концентратын өндіретін металлургиялық комбинат және 2 мыңнан астам жұмыс орнын құру, қуаттылығы 1 ГВт Жоңғар қақпасы ауданындағы жел электр станциясы секілді ірі жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін ірі инвесторлардың келуі де бар. Жалпы, инвестициялық портфель құны 2,2 трлн теңге болатын 184 жобаны құрайды.

Айта кететін жайт, Жетісудың баламалы энергетиканы дамыту әлеуеті зор. Бүгінгі таңда өңірде жалпы қуаты шамамен 177 МВт болатын ЖЭК 14 нысаны жұмыс істейді. Сондықтан да, Жетісудың еліміздегі ЖЭК саласын дамытуға қосқан үлесі айқын.

Әлеуметтік сала туралы айтар болсақ, өңірде апатты немесе үш ауысымды мектеп жоқ. Жақында 5 жаңа мектеп пайдалануға беріліп, 58 мектептегі кітапханалар заманауи стандартқа сай жаңартылды.

Денсаулық сақтау саласына ерекше көңіл бөлінеді. 2023 жылы 8 денсаулық сақтау нысаны салынады. Жоспарланған 27 блок-модульдік медициналық пункттің 25-і орнатылды, қалғандары жыл соңына дейін енгізіледі. Келесі жылы тағы 23-ін ашу жоспарланып отыр, бұл медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттыра түседі. Бұл өңір үшін аса маңызды, себебі тұрғындардың 55%-ы ауылдық жерлерде тұрады, ал 1 мыңнан аспайтын 50-60 ауылда бұрын-соңды медициналық пункт болмаған немесе апатты жағдайда болған. Мәселе блок-модульдік конструкциялар арқылы шешілуде.

Өңір үшін тағы бір жаңалық – жас мамандарға көтерме жәрдемақы төлеу. Жетісуда өмірін медицинамен байланыстыруға бел буғандар 3 млн теңгеден 8,5 млн теңгеге дейін алатын болады. Биыл өңірге 86 жас дәрігер келіп, олар жаңа жылдан бастап жәрдемақы ала бастайды.

Алакөл жағасында мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған сауықтыру жазғы лагері ашылды. Талдықорғанда «Қамқорлық» қорымен бірлесіп, аутизм және басқа да психикалық ауытқулары бар балаларға арналған орталық, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған «Асар» спорттық-оңалту кешені ашылды. Облыс орталығының өзінде 300 адамға, оның ішінде 54 балаға оңалту қызметі көрсетіледі. 14 жаңа Инватакси сатып алынды. Олардың саны 36-ға жетті.

Халықты толғандыратын басты мәселе – баспана мәселесі де шешімін табуда. Жалпы, биыл кезекте тұрған 3500-ге жуық адам баспаналы болады. Басты мақсат – алдағы 4-5 жылда кезекте тұрғандардың санын 40-50 пайызға қысқарту.

Өңірдің басты байлығы – адам

Жетісу тұрғындары бауырмалдығымен және өзара көмек көрсетуімен ерекшеленеді. Жергілікті кәсіпкердің жұмысы туған жерге, осында тұратын халыққа жауапкершілікпен қарауға жарқын мысал бола алады. Мамандығы бойынша педагог бола тұра, ол Панфилов ауданында 5 балабақша ашып, 700-ден астам баланы мектепке дейінгі біліммен қамтамасыз етуде. Сұраныс көп, ата-аналар риза. Жақында бұрын мектепке дейінгі шағын орталығы ғана болған 3 мыңнан астам тұрғыны бар ауылда 210 орындық 5-ші заманауи балабақшаны ашты.

Жалпы өңірде 110 мың жергілікті тұрғынды жұмыспен қамтыған 59 мың шағын және орта бизнес субъектісі жұмыс істейді. Жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен 29 мыңға жуық жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған адам қамтылған.

Демек, жеті өзен өлкесі – Жетісудың әлеуетін одан әрі дамыту мүмкіндігі зор.