25.12.2023 _ 09:44

Абай облысында азаматтарды қабылдау орталығы ашылды

Мемлекет басшысының 2023 жылғы 19 сәуірдегі еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы мәселелері жөніндегі кеңейтілген кеңестегі тапсырмасына сәйкес 2023 жылдың 12 желтоқсанында «Абай облысының азаматтарын қабылдау орталығы» жобасын кеңейту туралы №1 бірлескен бұйрық бекітілді, деп хабарлайды өңір әкімдігі.

Орталық «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын енгізу жөніндегі жұмыстың заңды жалғасы болып табылады. Бұл қадам мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылының анағұрлым ашық болуына мүмкіндік береді. Орталық жергілікті атқарушы органдардың халықпен өзара іс-қимылын арттырып, азаматтардың сұрақтары мен өтініштерін шешуге жағдай жасайды.

Келушілерге өтініш жіберуге және әртүрлі бөлімдердің өкілдерінен кеңес алуға мүмкіндік бар. Сонымен қатар, мұнда мемлекеттік органдардың басшыларына жеке кездесуге жазылуға болады.

Семей қаласындағы Абай атындағы облыстық әмбебап кітапханасында Абай облысы әкімдігінің жанындағы Азаматтарды қабылдау орталығы өз жұмысын 2024 жылдың 5 қаңтарында бастайды.

Сонымен қатар, азаматтарды Абай облысы және Семей қаласының аумақтық басқармасы, әкімдік басшылары жеке қабылдайтын болады.