Көзделген шығыстардың 98,2%-ы немесе 5 трлн 355,5 млрд-ы 2,4 млн зейнеткерге зейнетақы және 2,2 млн-ға жуық алушыға жәрдемақы төлеу үшін бағытталатын болады.
Бүгінгі күні республикалық бюджет қаражаты есебінен базалық және ынтымақты зейнетақыны қоса алғанда, әлеуметтік төлемдердің 41 түрі төленеді. 2023 жылы жәрдемақылар мен зейнетақыларды төлеуге 4,4 млн адамға, оның ішінде 2,3 млн зейнеткер мен 2,1 млн мемлекеттік жәрдемақы алушыға 4 трлн 689,3 млрд теңге жұмсалды.