09.01.2024 _ 08:39

Елордалық әуежайды жаңғырту биыл көктемде басталады

Әуежайдың қолданыстағы ұшу-қону жолағы 20 жыл бұрын пайдалануға берілген және осы уақытқа дейін тек аэродром жабындарына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілген. Ұшу-қону жолағын қайта құру әуежайды инвесторға сенімгерлік басқаруға беру кезіндегі негізгі және бірінші кезектегі міндеттердің бірі болды, деп хабарлайды ҚР көлік министрлігі.

Астана қаласының әуежайында көлік вице-министрі Талғат Ластаевтың төрағалығымен мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қатысуымен ұшу-қону жолағын қайта жаңартуға дайындық мәселесі бойынша кеңес өтті.

Terminals Holding компаниясы алдағы дайындық және құрылыс-монтаждау жұмыстарының кестесі туралы хабардар етті, оған сәйкес қайта құру жұмыстарын наурыз айының соңына дейін бастау жоспарланған.

Жоба инвестордың жеке қаражаты есебінен жүзеге асырылады және 2025 жылдың көктемінде аяқталады.

Ұшу-қону жолағын қайта құру ұшу қауіпсіздігін арттырады және әуе айлағының транзиттік әлеуетін арттыруға ықпал етеді.

Өз кезегінде министрлік өкілдері әуежайда рейстерді тоқтатпай жұмыс жүргізу қажеттігі туралы айтты.