10.01.2024 _ 16:32

Шыңғыс Жақыпов Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары лауазымына тағайындалды

Мемлекет басшысының өкімімен Шыңғыс Лесұлы Жақыпов Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары лауазымына тағайындалды.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының өкімімен Аңсаған Скендерұлы Балтабеков Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары лауазымынан босатылды.