15.01.2024 _ 11:10

Бақыт жанымызда. ОКҚ алаңында саналы тәрбиеге арналған әлеуметтік жобалар талқыланды

Қазақстанның Азаматтық Альянсы – бұл Қазақстанның барлық 20 өңірінде 5 мыңнан астам үкіметтік емес ұйымнан тұратын еліміздің ірі қоғамдық ұйымы. Әрбір үкіметтік емес ұйымның өз нысаналы тобы бар, әрқайсысы нақты бағыт бойынша жұмыс істейді, бірақ соңғы жылдары тәрбие, мәдениет тақырыбына ерекше назар аударылуда. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында «Қазақстандық тәрбие моделі: саналы тәрбиеге арналған әлеуметтік жобалар» атты баспасөз конференциясы барысында ЗТБ президенті Бану Нұрғазиева айтты.

Ол Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістандағы ұлттық құрылтайдың екінші отырысында әділетті мемлекетті тек жауапты азаматтар ғана құратынын айтқанын еске салды. 

«Біз биыл алғаш рет құрылтайшы болып, «Адал азамат» журналын үш тілде – қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде шығарамыз, біз әлемдік қоғамдастықта сөз сөйлеп, азаматтық қоғамның жұмысы мен мәдениетін көрсетуіміз керек», – деп атап өтті спикер.

Жауапты адамды тәрбиелеу мәселесінде отбасы басты рөл атқарады. Мәдениет, білім, адамдарға деген көзқарас, жауапкершілік, қатысу мен мейірімділік бала кезден қалыптасады.

«Бұл бағытта үш жылдан бері «Сенімен Болашақ» үкіметтік емес ұйымы жұмыс істеп келеді. Оны өз қызымен сөйлескеннен кейін ҮЕҰ құруға және ата-аналар қауымдастығымен жұмыс істеуге шешім қабылдаған белсенді азамат, кәсіпкер құрған. «Балалары бақытты адам ғана бақытты бола алады». Сондықтан, ең алдымен, ата-аналармен жұмыс істеуге көп көңіл бөлу керек, ата-аналар қауымдастығы бір-бірімізді құрметтеу, бағалау және балалар осындай мейірімді атмосферада өсуі үшін бәрін жасай алады», - деп түйіндеді Азаматтық альянс басшысы.