18.01.2024 _ 11:30

Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы жүргізілген шаралардың нәтижелерімен таныстырды

Былтыр қоғамдық орындарда жасалған қылмыстардың санын 12%-ға азайтуға мүмкіндік туды, оның ішінде көшелерде - 15%. Көшелерде жасалған қылмыстардың түрлері бойынша төмендеу байқалады: кісі өлтіру - 33%-ға; бұзақылық - 29%-ға; қарақшылық - 14%-ға; тонау - 13%-ға; ұрлық - 11%-ға. Бұл жайында Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев хабарлады.

Оның айтуынша отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында құқық бұзушылықтар туралы тіркелген хабарламалар 14%-ға, оның ішінде тұрмыстық қылмыстардың 1,5%-ға төмендегені байқалып отыр. 

«Бұл жұмыстар осы жылы да жалғасады және күшейтіледі. Бұл жерде әрбір азаматтың және жалпы қоғамның белсенді ұстанымы өте маңызды. Осыған байланысты барлық азаматтарға  егер  кез келген құқық бұзушылықтың куәгері болсаңыз, бұл туралы 102 арнасына немесе жақын орналасқан полиция жасақтарына дереу хабарлау қажет екендігін ескертеміз», – деді Қайсар Сұлтанбаев.