24.01.2024 _ 08:28

Мектепке дейінгі ұйымдарға жолдама беру үшін бірыңғай деректер базасы әзірленді

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2023 жылы Мектепке дейінгі ұйымдарға есепке алу, кезекке қою және жолдама беру үшін бірыңғай деректер базасы әзірленді, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.

Пилоттық жоба Шахтинск және Петропавл қалаларында іске қосылды. Ол аяқталғаннан кейін Кезекке қоюды есепке алудың бірыңғай базасы бүкіл ел бойынша қолжетімді болады.

Жаңа модель әр отбасыға өз қажеттіліктеріне байланысты бір және төрт балабақша аралығында таңдау мүмкіндігін береді. Орындарды бөлу процесінің ашықтығын қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою үшін SMS хабарлама жіберіледі.

ОҢ ӘСЕРІ:

  • Балабақшаларға кезекке қоюдың бірыңғай есебі құрылады;
  • Орындарды бөлу процесінің ашықтығы қамтамасыз етіледі және сыбайлас жемқорлық тәуекелдері жойылады;
  • Қағазбастылық болмайды.