27.01.2024 _ 09:17

Павлодар мұнай-химия зауыты жаңа желіні іске қосты

Битум өндіретін жаңа қондырғыны іске қосу жол құрылысындағы ең маңызды материалдардың бірі - битум өндірісін айына 52 мың тоннаға дейін немесе 15% ұлғайтуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Павлодар облысының әкімдігі.

Жаңа қондырғының іске қосылуы отын газы мен сұйық отын бойынша жану шығарындыларын 44%-ға төмендетеді, яғни, көмірқышқыл газы шығарындыларының азаюы нәтижесінде қоршаған ортаға әсер азаяды.

Павлодар мұнай-химия зауыты – Қазақстанның мұнай өңдеу саласындағы жетекші кәсіпорындарының бірі. Зауыт мұнай өнімдерінен – әртүрлі маркалы бензинді, дизель және реактивті отынды, сұйытылған көмірсутекті газды, техникалық күкіртті, битумды, мұнай коксын, пеш отынын, техникалық көміртекті өндіруге арналған шикізаттарды шығарады.