30.01.2024 _ 10:40

Д. Смағұлов: конференция қызықты пікірлер мен мықты командалардың бар екенін көрсетті

Шетелде Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүдделерін білдіру және қорғау мәселелеріне арналған халықаралық практикалық конференцияда жетекші халықаралық және қазақстандық заң фирмаларының өкілдері сөз сөйледі. Олардың қатарында Latham & Watkins, Sayat Zholshy & Partners, Tukulov, Kassilgov, Shaikenov Disputes, Curtis, Mallet-Prevost, Colt & Mosle, White & Case және басқа да компаниялар болды. Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында сөйлеген сөзінде ҚР Әділет министрлігі Мемлекеттік мүлік құқықтарын қорғау департаменті директорының орынбасары Дастан Смағұлов атап өткендей, осы сарапшылардың барлығының кәсіби білімі бар. Олар халықаралық аренада мемлекеттің мүдделерін тиімді қорғауға көмектесіп жатыр.

Жиынға бірқатар мемлекеттік орган мен ұйымның өкілдері де қатысты, олар халықаралық және ішкі аренада заң консультанттарын тартуды өз тәжірибесінде қолданады. Конференция барысында спикерлер өз пікірлерін білдіріп, өзекті мәселелерді көтерді.

«Спикерлер мемлекеттің мүдделерін қорғау тактикасын құру жолдарын іздестіру министрліктердің, тұтастай алғанда, Үкіметтің, Қазақстан Республикасының бүкіл заң қоғамдастығының бірінші кезектегі міндеті болып табылады деген ортақ пікірге келді», – деп атап өтті Д.Смағұлов.

Мысалы, инвестициялық төрелік даулардың біріне бұрын-соңды мемлекет мүддесін қорғамаған, мұндай тәжірибесі жоқ конференцияға қатысушылар тартылды. Олар инвестициялық дауға тікелей қатысу бойынша бірқатар мүмкіндікті талқылады, ортақ негіздерді, ағымдағы стратегияны анықтады. Мамандар жақын арада қажетті талаптар мен мемлекеттік сатып алу туралы заңды ескере отырып, осы жұмысқа кірісуге дайын.

«Бұдан бөлек, ҚР Үкіметінің мүдделерін шетелде қорғаудың маңызды аспектісі – ол транспаренттілік болып табылады. Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанда мықты заңгерлер қатары қалыптасты. Өткізілген конференция кешенді халықаралық дауларға және төреліктерде мемлекет мүдделерін қорғауға белсенді қатысуға қабілеті бар командалардың бар екенін көрсетті. Осыған байланысты, біз бұл әлеуетті пайдалануды өте дұрыс деп санаймыз», – деп түйіндеді Әділет министрлігінің өкілі.