31.01.2024 _ 14:00

2024 жылдың ақпан айынан бастап орташа тәуекел дәрежесі бар хабарламаларды орындау рәсімі жеңілдетіледі - ҚР ҚМ

Цифрландыру саласындағы жаңалықтардың бірі камералдық бақылау процесі болып саналады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында ҚР қаржы вице-министрі Ержан Біржанов мәлімдеді.

Оның айтуынша, салық төлеушілер тоқсан сайын хабарламалар мен шоттарды бұғаттауға, түсініктеме бермеуге қатысты бірқатар ескерту алады. Сондықтан камералдық бақылау процесі пысықталып, осы жылдың ақпан айынан бастап растайтын құжатты міндетті түрде ұсынбай-ақ, хабарламаларды орындалмаған деп тану туралы шешім шығару арқылы орташа тәуекел дәрежесі бар хабарламаларды орындау рәсімі жеңілдетілетін болады.

«Барлық орташа тәуекел туралы хабарламалар автоматты түрде орындалды деп танылады. Сондай-ақ өткен жылдың 1 қаңтарынан бастап банктегі шоттарындағы шығыс операцияларының келіспейтіндігі туралы түсініктеме берген салық төлеушілер бойынша істер тоқтатылмайтынын айтқым келеді. Және салық төлеушілермен өткізілген кездесулердің нәтижесінде, оларға хабарламаның орындалу мәртебесі туралы хабардар ету функциясы іске асырылды. Біз бұл функцияны өткен жылдың күз мезгілінен бастап жүзеге асырдық. Қазір салық төлеуші «алынды», «орындалды», «қабылданды» деген мәртебесін көріп отыр. Міне, бүгінгі күні осы мәртебелер көрсетілген. Бұл фискалдық органдар үшін де, салық төлеушілер үшін де процедураны жеңілдетеді», – деп атап өтті спикер.