Ол отандық IT-әзірлеушілердің жетістіктерінен жарқын мысалдар келтірді. Мәселен, Citix стартапы америкалық ірі венчурлық инвестор, компанияның СЕО Ян Шойбековты қызықтырды.
Айта кетерлігі, «Astana Hub» халықаралық технопаркінде 1,4 мыңнан астам компания тіркелген, оның 261-ін әйелдер басқарады. Әйелдер басшылық ететін экожүйедегі стартаптардың басым бөлігі әлеуметтік саланы дамытуға бағытталған.
Мысалы, мобильді қосымша, YouTube арнасы, әлеуметтік желілер арқылы ерекше қажеттіліктері бар балалары бар отбасыларға білім беру-ақпараттық қолдау көрсететін Әсем Тәжиеваның платформасы бар. Халықаралық емтихандар мен ұсынымдар жүйесіне дайындық бойынша кейстер, фольклорды жаңғыртуға және қазақ тілін дамытуға арналған мобильді қосымшалар да әзірленді.