13.02.2024 _ 16:48

Қазақстанда Саха республикасының күндері өтеді

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Саха Республикасының Мәдениет және рухани даму министрі Афанасий Ноевпен кездесті. Кездесу барысында екі ел арасындағы мәдени бірлестікті нығайтуға ықпал ететін ынтымақтастықты дамытудың түрлі аспектілері талқыланды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Тараптар 2024 жылдың сәуір айында Саха республикасының күндері аясында Астана мен Алматыда өтетін іс-шараларды талқылады. 

17 сәуірден бастап елорда тұрғындары мен қонақтары «Якутия қазынасы» көрмесінде көрсетілетін Якутияның бірегей мәдени мұрасымен таныса алады.

Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік ұлттық қазақ музыкалық драма театрының камералық залында «Якутия виртуоздары» скрипкашылар ансамблінің концерті, «Ньургун Боотур» Олонхо операсы, Максим Горький атындағы орыс драма театрының залында «Кыыс Дэбилийэ» Олонхо спектаклі жоспарланған.

Сондай-ақ, Алматыдағы мемлекеттік театр залдарында да концерттер мен спектакльдер ұйымдастырылады.