14.02.2024 _ 10:57

Көктемгі егін егу жұмыстарын жүргізуді жеңілдетілген несиемен қаржыландыру үшін АНК 35 млрд теңге бөлінді

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі 2024 жылғы егіс науқанын ерте қаржыландыруды қамтамасыз ету мақсатында «Кең дала» бағдарламасының операторына екінші траншты аударды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

 

Бюджеттік несие аясында 15 млрд теңге көлеміндегі бірінші транш осы жылдың қаңтар айында «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ға бөлген болатын. Жалпы егін егу және егін жинау жұмыстарын жеңілдікпен несиелендіру үшін 2024 жылы 140 млрд теңге бөлінген болатын. Бүгінде қажының үштен бірі шаруалардың есепшотына түсуде.

Бұған дейін қаржыландыру жоғары сапалы жұмыстарға, соның ішінде топырақты дайындауға және ауыл шаруашылығы техникасына қызмет көрсетуге, қажетті материалдарды, тұқымдарды, тыңайтқыштарды сатып алу үшін қажет болатын.

 «Кең дала» несиелеу бағдарламасы түпкілікті қарыз алушы үшін жылдық мөлшерлемесі теңгемен 5% -дан аспайтын мөлшерлемемен несие береді.

Бүгінгі таңда өңірлердегі фермерлерден жалпы саны қаржы көлемі 62,6 млрд теңгеге 1,8 мың өтініш келіп түскен. 12,4 млрд теңгенің 294 өтінімі төленді, қалған 50,2 млрд теңгенің 1483 өтінімі «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ қарауында.