2023 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның тауар айналымы 139,8 млрд долларды құрады. Қазақстандық тауарларды өткізудің негізгі нарықтары Қытай, Ресей және Италия болып табылады, деп хабарлайды ҚР Сауда және интеграция министрлігі.
Қытай Қазақстанның басты сауда серіктесі болды.
Қазақстан Азия елдеріне (Қытай (+10%), Гонконгқа (+34%), Оңтүстік Кореяға (+30%), Вьетнамға (+64%) шикізаттық емес экспортты ұлғайтты
Тауар айналымындағы Қазақстан экспортының үлесі 56,3%-ды құрайды
Экспорттың жалпы көлемінде өңделген тауарлардың үлесі 32,1%-ды құрады
Тауар нарықтарының саны 131 мемлекеттен 135 мемлекетке дейін өсті.