21.02.2024 _ 10:40

ҚР ҚМ жергілікті әскери басқару органдарының құжаттарды қабылдау мерзімін ұзартады

Биыл әскери институттарға түсу үшін ҰБТ нәтижелеріне қойылатын талаптарға өзгерістер енгізілді: ең төменгі өту балы 50 болса, бейінді пәндерден бұрынғыдай 7 балл алу қажет. Бірақ оқу және жазу сауаттылығы 5-тен 3 балға дейін төмендеді, себебі биыл Ғылым және жоғары білім министрлігі математикалық сауаттылық және оқу мен жазу сауаттылығы бойынша сұрақтардың сандық көрсеткішін 20-дан 10-ға дейін төмендетті. Бұл туралы ОКҚ алаңында әскери білім және ғылым департаментінің бастығы Жұмабек Ахметов айтып берді.
ҚР ҚМ жергілікті әскери басқару органдарының құжаттарды қабылдау мерзімін ұзартады Фото: mod.gov.kz

Айта кетерлігі, бұл ережелерде мерзімді сарбаздардың әскери институттарға емтихан тапсырмай және ҰБТ нәтижелерін есепке алмай түсу мүмкіндігі қарастырылған. Квоталар жалпы қабылдау жоспарының 25%-н құрайды.

«Сондай-ақ Қорғаныс министрінің бұйрықтарына сәйкес жергілікті әскери басқару органдарының құжаттарды қабылдау мерзімі 10 - маусымға дейін ұзартылды. Бұрын қабылдау 30 - сәуірге дейін жүргізілген. Әскери институтқа құжаттарды 15-31- шілде аралығында тапсыруға болады. Бұған дейін 15-20 - шілде аралығында тапсыру керек болатын. Азаматтар мен әскери қызметшілерді әскери институттарға қабылдау 1-20 - тамыз аралығында жүргізіледі, бұрын 20 - шілдеден 5 - тамызға дейін қабылданған», – деді спикер.

Комиссия шешімі қабылданатын жылы 21- тамыз күні  сағат 10.00-ге дейін жарияланады. Бұл ақпаратпен әскери институттың интернет-ресурсында танысуға болады. Апелляциялық өтініштер 22 - тамызда сағат 10.00-ге дейін қабылданады. Комиссиясының оң шешімі әскери институт бастығының бұйрығымен қабылданған жылдың 23 – тамызында бекітіледі.