21.02.2024 _ 10:50

Әскери кадрларды даярлау деңгейі әскерлердің жауынгерлік және жұмылдыру дайындығына қатысты міндеттерді ойдағыдай атқаруға мүмкіндік береді - ҚР ҚМ

Академиялық мобильділік шеңберінде Қорғаныс министрлігінің оқу орындары «Әскери құрылысты пайдалану, ұйымдастыру және жүзеге асыру, ғимараттар мен құрылыстарды пайдалану»; «Әскери істегі теңіз техникасы мен технологиялары»; «Әскери істегі дене шынықтыру және спорт» мамандықтары бойынша кадрлар даярлайды. Биыл «Әскери істегі журналистика және жұртшылықпен байланыс» және «Әскери істегі дирижерлік» сынды жаңа мамандықтар бойынша жұмысқа қабылдау жоспарда бар. Бұл туралы ОКҚ алаңында Әскери білім және ғылым департаментінің бастығы Жұмабек Ахметов айтты.
Әскери кадрларды даярлау деңгейі әскерлердің жауынгерлік және жұмылдыру дайындығына қатысты міндеттерді ойдағыдай атқаруға мүмкіндік береді - ҚР ҚМ

Оның айтуынша, отандық жоғары оқу орындарындағы жаңа мамандықтар енгізудің арқасында әскери кадрларды шетелде даярлау 100 мамандықтан 60-қа дейін қысқартылды. Яғни әскерилер басқа мемлекеттерге тек Қарулы Күштердің қажеттілігіне сәйкес, елде оқытылмайтын мамандықтар бойынша ғана жіберіледі. 

«Осылайша, біздің елде заман талабына сай әскери білім беру жүйесі құрылды. Әскери кадрларды даярлау деңгейі әскерлердің жауынгерлік және жұмылдыру дайындығы мен елдің қорғаныс қабілетін арттыруға қатысты  міндеттерді ойдағыдай шешуге мүмкіндік береді», – деп түйіндеді генерал.