«Бұл жастар арасында кәсіпкерлікті дамыту мен өз бизнес-идеяларын жүзеге асырғысы келетін студенттерді қолдаудағы маңызды қадам. Олар тәжірибелі тәлімгерлерден дәріс алады. Сондай-ақ стартап байқаулар да өткізіледі, онда студенттер өз идеяларын ұсынып қана қоймай, оларды жүзеге асыру үшін қосымша қолдау алады», – дейді техникалық және кәсіптік білім беру департаменті директорының м.а. Ақзира Қасымова.
Жоспарға сәйкес, 2028 жылға дейін республика бойынша колледждерде осындай 100 орталық құрылады. 97 мемлекеттік колледж қазірдің өзінде өздері өндірген тауарларды сатуға шығаруда, бұл оларға өз бетінше табыс табуға мүмкіндік береді.