Жамбыл облысында 17 мәдениет нысанының құрылысын жүргізу мақсатында 3,1 млрд теңге қарастырылды. Биыл 8 ғимараттың құрылысын аяқтау жоспарлануда. Ал, қалған 9 нысан келер жылға өтпелі, деп хабарлайды өңір әкімдігі.
Былтыр облыста «Ауыл Ел – бесігі» бағдарламасы аясында 15 мәдениет нысанының құрылысы басталған болатын. Сондай-ақ демеушілердің есебінен 1 нысанның құрылысы қолға алынды.
Есепті кезеңде 9 ғимараттың құрылысы толығымен аяқталып, 6 мәдениет үйі ел игілігіне берілді.