Елімізге сапары барысында тәжік делегациясы РІЅА халықаралық рейтингінің нәтижелері бойынша Қазақстанның тәжірибесін зерделейді.
«Жаңа жобалар мен бастамалар біздің бірлесіп жұмыс істеуімізге және жоғары нәтижелерге қол жеткізуге кең мүмкіндіктер ашады. Біздің білім беру саласындағы ынтымақтастығымыз халықтарымыз бен мәдениеттерімізді одан әрі жақындастыруға ықпал ететініне сенімдімін», – деп атап өтті Наталья Жұмаділдаева.
PISA нәтижелері бойынша Қазақстан математика және жаратылыстану пәндері бойынша үздік 50 елдің қатарына кірген болатын. Жаратылыстану пәндерінен көрсеткіштерді 26 баллға арттырып, математика және оқу бойынша нәтижелерді сақтап қалды.
Сапар аясында ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы мен Тәжікстан Білім және ғылым министрлігінің Білім академиясы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.