Яғни төлемдердің осы түрі бойынша 1 күнкөріс минимумы республикалық бюджеттен төленеді, жұмыс берушіден 1 және сақтандыру ұйымынан 1 күнкөріс минимумы көлемінде қаражат төленеді. Сондай-ақ Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан МКЗЖ есебінен жинақтар пайдаланылады. Қызметкерге тікелей төленетін төлемдермен қоса, сақтандыру ұйымдары жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру бойынша сыйақының 6%-ы мөлшерінде оңалту және алдын алу төлемдерін төлейтін болады.
«Біз зейнетақы аннуитеті шарттарын әлеуметтік өнімдер бойынша жұмыстың тағы бір бөлігі деп санаймыз. Атап айтқанда, зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша төлемдерді жыл сайынғы индекстеу мөлшері 5%-дан 7%-ға дейін ұлғайтылды, зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін қызметкерлер мен мүгедектігі бар адамдар үшін зейнетақы аннуитетінің құны төмендеді. Нәтижесінде зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін қызметкерлер мен мүгедектігі бар адамдар үшін зейнетақы аннуитеті шартының құны орта есеппен 5 млн теңгеге төмендеді. Бұрын ол 9 млн теңгені құраса, қазір ол 4 млн теңгеге дейін төмендеді. Төлем зардап шеккен қызметкердің мүгедектік тобына байланысты азаяды», – деп түсіндірді спикер.
Сондай-ақ былтыр сәуір айында еңбек мигранттарына медициналық сақтандыруды енгізу бойынша заңнамалық түзетулер қабылданды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлесіп, есептелген сақтандырудың үлгілік шарты мен осы шарт бойынша медициналық қызметтердің минималды тізімі бекітілді. Мемлекеттік жинақтаушы білім беру жүйесін «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасына тарту бойынша қосымша жұмыстар жүргізілді. Соның арқасында бала 18 жасқа толған кезде өмірін сақтандыру арқылы білім беру қаражатын пайдалануға мүмкіндік алады.
Инфрақұрылымдық ұйымдардың қызметін жетілдіру шеңберінде елеулі жұмыс жүргізілді. Биылдан бастап сақтандыру дауларын міндетті түрде сақтандыру омбудсмені сотқа дейін реттейтін болады. Ол бұл дауларды тегін қарастырады, оның шешімі сақтандырушылар үшін міндетті болып табылады.
Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының жұмыс ережелері айтарлықтай өзгерді. Қор резервтерінің тәуекелдерін бағалаудың жаңа моделі енгізілді. Жаңа модель әрбір жеке сақтандыру ұйымының дефолтқа ұшырау ықтималдығын бағалайды.