18.03.2024 _ 11:30

Құрылысты жобалау компаниялары жастарды тәжірибеден өткізуге ниет білдірді

Жастарды құрылыс саласындағы жұмыспен қамтамасыз ету үшін осы мамандық бойынша білім алып жүрген студенттер жобалау компанияларында тәжірибеден өту керек. Құрылыс кодексін талқылау кезінде жобалаушылар осы мәселені де көтерді. Бұл туралы ҚР өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Тимур Қарағойшин ОКҚ алаңында айтты.

Вице-министрдің пайымдауынша, қазіргі таңда авторлық қадағалау жөніндегі жобалау компанияларының деңгейін көтеру керек. Жобалау институттары дамымай, жастардың бұл саладағы болашағы болмайды. 

«Жастар бұл институттарда тәжірибеден өтіп, құрылыстағы жобалау жұмыстарының нормативтерін меңгереді. Жұмысты содан бастап ұйымдастыру керек. Жобалаушылар осы мәселені уақытылы көтеріп отыр. Олар институтта оқып жүрген жастарды практикаға алар еді. Сол жобалауды көріп, соны көріп тәжірибе алса, жастар мықты маман болып шығады. Құрылыс саласында жобалау институттары дамымаса, бұл сектордың болашағы болмайды. Жастар сол компанияларда жұмыс істеу керек», – деп түйіндеді спикер.