Біріншіден, білім беру бағдарламаларына балалардың денсаулығы мен дамуына зиян келтіретін әдеттерден қорғау тақырыптары енгізілді. Мәселен, «Биология» пәнінде адамның дамуы үшін темекі шегу мен есірткінің зияны тақырыбы оқытылады (7-9 сыныптар); «Салауатты өмір салты» компоненті «Дүниетану» (1-4 сыныптар) және «Жаратылыстану» (1-6 сыныптар) пәндерінің мазмұнына енгізілген.
«Екіншіден, білім беру ұйымдарының тәрбие жұмысының жоспарына полиция қызметкерлері мен медицина қызметкерлерінің қатысуымен білім алушылар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Бұл жұмысқа 90 мың маман, 8 мыңнан астам педагог-психолог және 4 мың әлеуметтік педагог тартылды. Үшіншіден, білім беру ұйымдарының тәрбие жұмысының жоспары психоактивті заттар мен вейптерді қолданудың алдын алу шараларын қамтиды», – деді спикер.
2023 жылы оқушылардың бастамасы бойынша 3 мыңнан астам акция, челлендж және басқа да іс-шаралар өткізілді. Бұл жұмыс жалғасуда.
Сондай-ақ, Оқу-ағарту және Денсаулық сақтау министрліктері Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының «Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін мектеп» жобасын іске асырып жатыр. Оның мақсаты – оқушылардың денсаулығын жақсартып, оларды жаман әдеттерден қорғауға балалардың өздерін, ата-аналар мен мектеп әкімшілігін тарту. Жобаға 1,2 мың мектеп қатысады, оны еліміздің басқа мектептерінде де ұйымдастыру жоспарда бар.