30.03.2024 _ 12:33

ҚР ТЖМ: су тасқыны жағдайы туралы сағат 11.00-дегі ақпарат

Республикалық жедел штабтың бақылауында 7 Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Батыс-Қазақстан, Солтүстік-Қазақстан және Павлодар облыстары.

Қазіргі уақытта авариялық-құтқару жұмыстарында 6000 –нан астам адам., 3000 бірлік. техника және ТЖМ, қорғаныс минстрірлігінен, Ұлттық қауіпсіздік комитетінен, Ұлттық Ұланнан 12 әуе кемелері жұмылдырылды.

Cу тасқыны басталғалы бері Азаматтық қорғаныс қызметтерімен 7 783 адам, оның ішінде 2 800 балалар қауіпсіз жерлерге жеткізілді. Уақытша қоныстану тіректеріне 3 131 адам, оның ішінде 1093 бала  құтқарылды және эвакуацияланды.

Төтенше жағдайлар министрлігі, Қорғаныс мининистрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті және Ұлттық ұланның әуе кемелерімен 644 адам, оның ішінде 236 бала құтқарылды.

ТЖМ және жергілікті атқарушы органдардың күштерімен 3,5 млн. астам текше метрд еріген су сорылды, 300 мыңнан астам қапшық және 45 мың тонна инертті материал төселді.