30.03.2024 _ 13:53

«ҚазАвтоЖол» мамандары бір тәуліктің ішінде «Самара-Шымкент» авто жолы бағытындағы көпірді қалпына келтірді

28 наурызда кешкі уақытта еріген қар суының салдарынан халықаралық маңызы бар М-32 «Самара-Шымкент» автомобиль жолының 1132 шақырымындағы көпірге жақындаудың оң жақ бөлігін су алып, уақытша қозғалыс шектелді.

29 наурызда аталмыш мәселені дереу шешу мақсатында Ақтөбе облыстық «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ филиал мамандары көпірді қалпына келтіру жұмыстарын бастады. Жұмыс барысында 12 бірлік плита мен 100 метрлік қисық сызықты діңгектер демонтаждалып, 5000 тонна ірі қиыршықты тас әзірленді.

Қазіргі уақытта «Самара-Шымкент» автожолының 1132-ші шақырымында көпір бойынша қозғалыс ашық.