Оның айтуынша, бұл жұмыс Ұлттың экономика және Өндіріс және құрылыс министрлігімен бірлесіп жүргізіледі.
«Бұл жөндеу жұмыстары осы саланың сапалы жұмыс істеуіне ықпал етеді. Жалпы бұл жұмыс қарқынды жүріп жатыр. Бұның алдында берілген тапсырмаларға сәйкес, инвестиция тарту, «Инвестицияны тарифке айырбастау» бағдарламасына сәйкес жүріп жатқан негізгі жасалған жұмыстарын айтсақ, ол әрине, салаға инвестиция тарту үшін ең алдымен тариф арқылы қайтару мәселесі. Сондықтан Министрлік 1-қаңтардан бастап жылу беру, электр энергия шығаратын станциялардың тарифын орташа есеппен 20%-көтерді. Одан кейін қуат нарығы бар біздің салада. Ол 2019-жылдан бері көтерілмеген, инвестиция жөндеу жұмыстарын жасайтын қаражат бөлініп, осы нарықтағы тариф көтерілді. Қазір Министрлік инвестициялық келісім-шарттар жасасып жатыр», – деді вице-министр.
Саладағы ірі мекемелерде күрделі жөндеу жұмыстарын жасауға 400 млрд теңгеге дейін қаражат бөлінеді. Мекемелер оған сәйкес өтініш бере алады.
«Бірақ ол 400 млрд беретініміз жалпы ең жоғарғы шектеу. Биыл осы барлық 55 электроэнергия беретін, жылу беретін мекемелерге 326 млрд қаражат инвестиция тарту, жөндеу жұмыстарын, модернизация жасау жоспарланып отыр. Электр энергиясы нарығына 90 млрд теңгеден астам ақша келеді. Амортизация 100 млрд теңге көлемінде. Қуат нарығы арқылы 130 млрд теңге қаражат бөлінеді. Былтырға қарағанда осы сома 100 млрд теңгеге көтерілді», – деді спикер.