04.04.2024 _ 15:00

Геологиялық зерделеуді жетілдіру мақсатында жер қойнауын зерттеу тәсілдері кеңейтілуде

Ірі кен орындарының дәуірі аяқталуға жақын. Қазір жүздеген және мыңдаған метр тереңдікте орналасқан күрделі «көрінбейтін кен орындары» зерттеліп жатыр. ҚР ӨҚМ Геология комитетінің төрағасы Ерлан Ақбаров ОКҚ-да сөйлеген сөзінде бұл түбегейлі жаңа тәсілдерді қолдануды талап етеді, яғни жаңа тәуекелдермен жұмыс істеуді үйрену қажет екенін атап өтті.

Мемлекет жүргізіп отырған геологиялық зерделеуді жетілдіру мақсатында жер қойнауын зерттеу тәсілдері кеңейтілуде. Атап айтқанда, ең алдымен әр аймақ бойынша ауытқуларды анықтау мен спектрлік талдау әдістерін қолдана отырып, Жерді қашықтықтан зондтау ұсынылады. Спектрлік талдау бойынша анықталған ауытқулар бойынша жұмыстарды егжей-тегжейлі көрсете отырып, бүкіл аумақта аэрогеофизикалық зерттеулер жүргізу көрінбейтін жерлерді анықтауды және жер бетіне жақын объектілерді контурлауды қамтамасыз етеді. Келесі кезеңде анықталған перспективаларды сапалы растау үшін сынамаларды іріктеу және зертханалық талдаумен 1: 50 000 масштабта түсіру бойынша жерүсті жұмыстарын жүргізу жоспарда бар. 

«Бұл ретте мемлекет шығындарын ескере отырып, қол қою бонусының бастапқы мөлшерін айқындай отырып, жер қойнауын зерттеудің әрбір кезеңінің нәтижелері бойынша аукцион өткізу ұсынылады. Аэрогеофизикалық зерттеулерді ағымдағы жылы Солтүстік Балқаш және Қалба-Нарым кен аймағының аумағында бастау жоспарлануда. Бұл аумақтарда жұмыстар жүргізу жаңа перспективаларды, әсіресе, сирек кездесетін шикізатты анықтауды қамтамасыз етеді. Саланы дамыту факторларының бірі оның тиісті жағдайларда қамтамасыз етілуі болып табылады. Қазіргі уақытта Қазақстанның геологиялық саласы үшін геологиялық ақпаратты цифрлық түрде сақтаудың заманауи инфрақұрылымы қажет», - деп атап өтті спикер.

Сәуір айында Астана қаласының әкімдігі қор қоймасын салуға жер телімін бөледі. Тиісті рәсімдерден кейін геология саласы геологиялық ақпаратты сақтаудың заманауи инфрақұрылымымен қамтамасыз етілетін болады.