05.04.2024 _ 11:50

Технологиялық инфрақұрылымды іске қосу Қазақстанның Орталық Азиядағы жасанды интелекті дамыту саласындағы көшбасшылығын айқындайды

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2024 - жылдың соңына дейін «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ және Group 42 компаниясымен бірлесіп, неғұрлым заманауи технологияларды пайдалана отырып, суперкомпьютерді іске қосатын болады. Бұл туралы ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсбі министрлігінің инновацияларды дамыту департаментінің директоры Дархан Мырзабаев мәлімдеді.
фото: freepik

ЦДИАӨМ есептеу қуатын жалға алу және сатып алу түрінде технологиялық инфрақұрылымды (суперкомпьютерді) құрып, оны мамандандырылған деректер орталықтарында орналастыруды көздейді. Жасанды интеллект үшін қажетті есептеу ресурстарының көлемі мемлекеттік органдардың, жоғары оқу орындарының, ғылыми қоғамдастықтың және жеке сектордың қажеттіліктеріне сәйкес айқындалатын болады.

«Ақпараттық технологиялар, қаржылық қызметтер, денсаулық сақтау, энергетика және өндіріс сынды экономика секторлары жасанды интеллектіден айтарлықтай пайда көретінін атап өткен жөн. Суперкомпьютер  жасанды интеллект модельдерін әзірлеуге қызмет ететін болады және ғылыми, академиялық топтарға, сондай-ақ жасанды интеллект саласындағы есептеу ресурстарына деген сұранысты қанағаттандыра отырып, жасанды интеллект өнімдерін жасаудағы коммерциялық пайдалануға қолжетімді болады», - деп атап өтті ЦДИАӨМ өкілі.

Бұдан бөлек, Технологиялық инфрақұрылымды (суперкомпьютер) іске қосу Қазақстанның Орталық Азиядағы жасанды интеллекті дамыту саласындағы көшбасшылығын айқындайды және отандық компаниялар мен көршілес елдер үшін есептеу қуаттарын жалға алуға мүмкіндік береді.