05.04.2024 _ 12:00

Жыл соңына дейін ҚР-да суперкомпьютер іске қосылады. Оның серверлік қуатын қамтамасыз ету арқылы стартаптар мен бизнес қауымдастығына қолдау көрсетіледі

Суперкомпьютерді іске қосуда айтарлықтай қиындық жоқ. Бұл - графикалық карта технологиялары негізінде жұмыс істейтін серверлік қуат. Ол «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Деректерді өңдеу орталығында орналастырылатын болады. Қазірдің өзінде оған қажетті инфрақұрылым әзір. Бұл туралы ОКҚ алаңында «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасы Ростислав Коняшкин мәлімдеді.

Оның айтуынша, бұл суперкомпьютер жыл соңына дейін іске қосылады. Оның қуаты мемлекеттік сектор, серверлік қоғамдастық пен ғылыми ұйымдарға берілетін болады, оның ішінде суперкомпьютердің серверлік қуатын тарату арқылы стартаптар мен бизнес қоғамдастыққа қолдау көрсету жоспарда бар. 

«ҰАТ» АҚ - Ұлттық жасанды интеллект платформасының операторы. Ол AWC, Microsoft, Google сынды көптеген озық халықаралық технологиялық компанияның үлгісі бойынша жасанды интеллект көмегімен жаңа өнімдер мен жүйелерді құруға арналған құрал, алаң ретінде ұсынылатын болады.

Деректерді цифрландыру бойынша ауқымды жұмыс жүргізілді. Сондай-ақ ол жекелендірілмеген түрде экономиканың түрлі секторында жасанды интеллект моделін меңгеру үшін ұсынылатын болады.