06.04.2024 _ 18:20

Қазгидромет: Қазақстанның басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталып отыр

Еліміздегі су тасқыны бойынша ағымдағы жағдай туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз конференциясына қатысушылар баяндады. «Қазгидромет» РМК баспасөз хатшысы Алина Исмагулова атап өткендей, Қазақстанның қар жамылған аумағы 21%-ды құрайды. Синоптикалық болжамға сәйкес, 6-12 - сәуір аралығында Қазақстанның басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады. Жауын-шашын жаңбыр түрінде болады деп болжануда.

«Түнде жаңбырдың қарға ауысуы күтілуде: 7, 9 және 12 – сәуірде - Павлодар облысында, еліміздің шығысында – Абай және ШҚО облыстары, 8 - сәуірде БҚО және Ақтөбе облыстарында, 8-11 - сәуірде Қостанай облысында, республиканың солтүстігінде - СҚО және Ақмола облыстарында, 9-12 -сәуірде - Қарағанды облысында, 11 – сәуірде -Ұлытау облысында. 7 - сәуірде түнде, 11, 12 - сәуірде Алматы облысында, 9 - сәуірде Түркістан облысында, 9 және 11 – Жамбыл облысында, 8 – елдің орталығында, Ұлытау облысы мен Қарағанды облысында, 9, 11, 12 – Жетісу облысында қатты жаңбыр жауады деп күтілуде. Еліміздің шығысында -Абай облысы, ШҚО - 9-10 - сәуірде қатты жаңбыр жауады деп болжануда. 11-12 сәуірде қатты жауын-шашын, жаңбыр жауып, қарға айналады», - деді спикер.


Жауын – шашын 9 - сәуірде елдің батысында, 11-12 - сәуірде-солтүстік – батыста, 12 – сәуірде - республиканың солтүстігінде, сондай-ақ Ұлытау облысында басылады деп күтіліп отыр.

«Ауа температурасының біртіндеп төмендеуі елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында және орталығында болжанады. Түнде 0-5-тен 6 градусқа дейін аяз болады. Күндіз -12-ден 10 градусқа дейін. Батыста ауа температурасының көтерілуі күтілуде. Күндіз 10-нан 25 градусқа дейін. Ауа температурасының ауытқуы оңтүстікте, оңтүстік-шығыста түнде 3 градустан 10 градусқа дейін, күндіз 12-ден 25 градусқа дейін, таулы жерлерде түнде 2 аяздан 3 градусқа дейін. Күндіз 5-тен 17 градусқа дейін ауытқиды», - деді Алина Исмагулова.


Гидрологиялық және метеорологиялық ахуал күрт өзгерген жағдайда «Қазгидромет» су тасқыны қаупі туралы дауылды ескертулермен алдын ала хабардар ететін болады.