07.04.2024 _ 10:10

Су тасқынына қарсы күрес: республикалық жедел штабтың бақылауында 7 облыс бар

Орталық коммуникациялар қызметінде еліміздегі су тасқыны бойынша ағымдағы жағдай туралы брифингтер сериясы басталды. ҚР ТЖМ Төтенше жағдайларды жою департаментінің бастығы Кахарман Оразалиннің айтуынша, қазіргі уақытта 3686 жеке тұрғын үй, 557 аула аумағы және 1822 саяжай үйі су астында қалып отыр.

Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында су тасқыны кезеңі басталғаннан бері 72 029 адам құтқарылды, оның ішінде 16 078 бала бар. Уақытша орналастыру пункттерінде 14 368 адам, оның ішінде 7 255 бала бар.


«ТЖМ, Қорғаныс министрлігі және Ұлттық ұланның әуе кемелерімен құтқару жұмыстары жалғасуда. 7,5 млн м3 астам еріген су тартылды, 952 мың қапшық және 976 мың тонна инертті материал төселді. Авариялық-құтқару жұмыстарына 12 455 адам және 1,3 мың бірлік техника, 7 әуе кемесі жұмылдырылды», - деді спикер.


Республикалық жедел штабтың бақылауында Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстары тұр.