07.04.2024 _ 11:50

Ақмола өңірінде өзендердің 64 учаскесінде мұзды қосымша жару жұмыстары жүргізілуде

Бүгінгі таңда Ақмола облысы бойынша су тасқыны жағдайы бақылауда. Білім беру және әлеуметтік объектілер штаттық режимде жұмыс істеуде. Сонымен қатар, Жабай, Нұра, Есіл және Колутон өзендерінде судың арнасынан шығу қаупі сақталуда. Тәуекелдің алдын алу үшін, өзендердің 64 учаскесінде мұзды қосымша жару жұмыстары жүргізілуде. Облыстың төрт ауданының елді мекендері, сондай-ақ астана маңының аймағы қамтылды. Бұл туралы Ақмола облысы әкімінің орынбасары, штаб төрағасының орынбасары Елдос Рамазанов ОКҚ алаңында мәлімдеді.

Оның хабарлауынша, Көкшетау қаласындағы Қылшақты өзенінің деңгейі кезең-кезеңмен 2 метрге дейін көтерілуі байқалады, қатерлі деңгейі - 1,2 метр, соның салдарынан жағалау бойындағы аумақты су басуда. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында, азаматтардың өмірі мен мүлкіне келтірілетін қауіпті төмендету үшін қосымша шаралар қолданылды.

«Ұзындығы 32 км болатын қорғаныс үймелері қосымша тұрғызылды, оның ішінде астана маңындағы аймақта 16 км астам топырақ жалы орнатылды. Су объектілерінің 18 шақырымдық жағалауы нығайтылды. Шығынды есептеу үшін комиссия құрылды, келтірілген шығын қысқа мерзім ішінде өтелетін болады. Әлі де болса, Астана су қоймасынан секундына 350 куб метр көлемінде су жіберілуде. Су тасқынымен күресуге 2,5 мың адам ресурстары, 1 мыңнан астам техника, мотопомпа мен жүзу құралдары тартылды»,-деді спикер.