08.04.2024 _ 00:15

Ақтөбе қаласы мен Ақтөбе облысындағы 6 ауданда төтенше жағдай жарияланды

Ақтөбе облысы бойынша жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттық төтенше жағдай 6 ауданда және Ақтөбе қаласында жарияланды. Су тасқыны салдарынан облыста 1053 тұрғын үй, 46 ғимарат пен құрылыстар, 232 аула және 689 саяжай үйлері зақымданған. Бұл туралы Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Асылбек Есенбаев ОКҚ алаңында хабарлады.

«Жол учаскелерінің суға толып, шайылып кетуі нәтижесінде 13 елді мекенмен жол қатынасы үзілген. Қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Қорғаныс министрілігінің инженерлік қызметімен Алматы облысынан жеткізілген уақытша понтон-көпір паркі Ойыл өзенінде орнатылды. Қазіргі таңда 27 елді мекенде 695 абонент тұрақты жарықсыз қалып отыр. Олардың 500-і тоқ беретін генератормен уақытша қамтылды», – деді спикер.