08.04.2024 _ 10:20

Қазақстан аумағының басым бөлігінде 8 - сәуірде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады

Болжамды республикалық ақпараттық штабта өткен брифингте «Қазгидромет» РМК баспасөз хатшысы Алина Исмагулова айтты. Оның айтуынша, солтүстік-батыста, солтүстікте, республиканың орталығында түнде жауын - шашын, күндіз жаңбыр жауады. Қатты жаңбыр орталықта, күндіз елдің солтүстігінде болады деп болжануда. Тек оңтүстік-батыста, оңтүстік-шығыста жауын-шашынсыз ауа-райы күтіледі. ҚР бойынша тұман күтілуде.

«Сондай-ақ осы сағатта Ақмола және Ақтөбе облыстары бойынша екі дауылды ескерту шығарылды. Ақтөбе бойынша 7-10 - сәуір аралығында ауа температурасының болжамды көтерілуіне және жаңбыр түріндегі жауын-шашынға байланысты су деңгейінің одан әрі көтерілуі күтілуде. Ақмола облысы бойынша 7-10 - сәуір аралығында Зеренді, Астрахан, Сандықтау, Атбасар, Бұланды, Жақсы, Есіл, Жарқайың, Бурабай, Шортанды және Целиноград аудандарында қатты жауын-шашынның түсуіне байланысты еріген су ағынының одан әрі қарқынды қалыптасуы және Жабай, Қалқұтан өзендерінде, олардың салаларындағы мұздың еруі күтілуде. Су деңгейінің шектік белгілерге дейін күрт өсуі күтілуде», - деді ОКҚ спикері.