08.04.2024 _ 16:05

ТЖМ: 7 облыста 3,5 мыңға жуық үй су астында қалып отыр

Су тасқыны кезеңінің басынан бері 76 мыңнан астам адам құтқарылды, оның ішінде 30 мыңға жуық бала бар. Уақытша орналастыру пунктерінде 7 703 адам, оның ішінде 3 266 бала бар. ТЖМ, Қорғаныс министрлігі және Ұлттық ұланның әуе кемелерімен құтқару жұмыстары жалғасуда. Жедел деректерді ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің аға офицері Сайпаш Ерасыл хабарлады.
ТЖМ: 7 облыста 3,5 мыңға жуық үй су астында қалып отыр

Оның айтуынша, 7,8 млн текше метрден астам еріген су тартылып, 1,09 мың қапшық және 996,1 мың тонна инертті материал төселген. Авариялық-құтқару жұмыстарына 16 мыңға жуық адам және 3 мыңнан астам техника, 6 әуе кемесі жұмылдырылды.

«Қазіргі уақытта 3 412 жеке тұрғын үй, 421 аула аумағы және 7 облыста 1926 саяжай үйі су астында қалып отыр. Бұл Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстары»,-деп баяндады спикер.