09.04.2024 _ 00:25

Бір тәулікте Қостанай облысында су деңгейінің төмендеуі байқалды

Қостанай облысы ТЖД бастығының м.а. Дамир Ермағамбетовтың айтуынша, облыс бойынша су тасқыны жағдайы ерекше бақылауда. Қаратомар су қоймасын толтыру 94%-ды құрады. Дәл қазір Қостанай қаласына қарай көлемі 2 640 текше метрге дейін азайта отырып, су жіберіледі, тәулігіне су деңгейінің 20-25 см-ге төмендеуі байқалады


9097 адам құтқарылды және эвакуацияланды, тәулігіне 120 адам, оның ішінде 43 бала, 11 мүмкіндігі шектеулі адам бар. Уақытша орналастыру пунктерінде 759 адам, оның ішінде 345 бала бар. 


Облыс бойынша барлығы жеке құрамдағы 2753 адам мен құралдар, 444 бірлік техника, 144 бірлік мотопомпалар, 29 бірлік жүзу құралдары, 5 бірлік әуе кемелері жұмылдырылды.
Жағдайды бақылау үшін барлық су айдынында ТЖД қызметкерлерімен тәулік бойы кезекшілік жүзеге асырылады.