09.04.2024 _ 10:05

Азаматтық қорғау қызметтерімен 85 мыңға жуық адам, оның ішінде 30 мыңға жуық бала құтқарылды

ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің аға офицері Сайпаш Ерасыл ОКҚ брифингінде баяндама жасады.

Оның хабарлауынша, қазіргі уақытта уақытша орналастыру пункттерінде 8349 адам, оның ішінде 3809 бала бар. ТЖМ және жергілікті атқарушы органдардың күштерімен 8 млн астам текше метр еріген қар суы тартылды. Авариялық-құтқару жұмыстарына 16000-нан астам адам және 2500-ге жуық бірлік техника жұмылдырылды.

«Еліміздің 9 өңірінде Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан, Ұлытау, Ақмола, Қарағанды, Атырау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында жергілікті ауқымдағы 29 ТЖ әрекет етеді. «Жедел желі» телефондарына 1 129 қоңырау келіп түсті, шұғыл психологиялық көмек 76 адамға көрсетілді. 20 өңірде республикалық және облыстық жедел штабтар жұмыс істейді», – деді спикер.