09.04.2024 _ 14:20

ШҚО-да су тасқыны кезеңінде су басу жағдайлары болған жоқ

Шығыс Қазақстанда су тасқыны қаупі жоқ. Дегенмен, облыс таулы аймақта орналасқандықтан, қазіргі таңда жаңбыр жауып тұр. Кей жерлерде су деңгейі көтерілуде. Күзден бастап алдын алу шаралары жоспарланды. ШҚО ТЖД бастығы  Ерғали Бахаев ОКҚ брифингінде осылай деді.

Жауаптылар күнделікті әуеден қадағалау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Өзендердегі қатқан мұз, тұрып қалған жерлерде жарылыс жұмыстары жүргізіліп, қауіп сейілтілуде. 

«1 ақпаннан бастап облыс аумағында тәулік бойы жедел штаб жұмыс істейді. Оған барлық мекемелер кіреді. Су тасқыны басталғалы облыс көлемінде су басу болған жоқ. Дегенмен, бір-екі жерде су көтерілу салдары бар. Бізде 1 наурыздан бастап 3 үйге су кірген. 1-і Үлкен нарын, 2-і Алтай қалаларында. Қазіргі таңда ол жерлерде су кетті. Қауіп жоқ. Құтқарушылар жұмысын атқарып жатыр. Синоптиктердің айтуынша, 2-3 күн жаңбыр болады. Соған байланысты жоғары дайындықты бастадық», – деді спикер.