2024 жылғы 9 сәуірдегі сағат 17:00-дегі жағдай бойынша халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында ауа-райының жылынуы мен қардың тез еруі салдарынан 4 облыста (Ақмола, Атырау, Қостанай, СҚО) 7 жол жүру учаскесінде жалпы ұзындығы 3420 метр болатын су тасқыны орын алды. 6 облыстағы (Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Қостанай, Маңғыстау, СҚО) республикалық маңызы бар 13 автомобиль жолдарында ұзындығы 650 шақырым болатын көліктің барлық түріне келесі жолдарда шектеу қойылды.
«Атап өтсек: Ақмола облысында «Жезқазған - Петропавл» тас жолының 537-553 және 553-595- шақырымы, Сұрған және Бұзылық ауылдарының және СҚО шекарасы учаскесі, «Қостанай – Әулиекөл – Сұрған» тас жолының 232-260 - шақырымы, Қостанай облысының шекарасы мен Сұрған ауылының учаскесі, Ақтөбе облысында «Қандыағаш - Ембі - Шалқар - Ырғыз» тас жолының 3-92 - шақырымы, Қандыағаш қ. - Ембі қ. Учаскесі, Атырау облысы «Доссор - Құлсары - Бейнеу - Сайөтес - Шетпе - Жетібай - Ақтау» тас жолының 4-119 - шақырымы, Доссор а. - Құлсары қ. Учаскесі, «Мұқыр - Құлсары» тас жолының 0-136 - шақырымы, Доссор а. - Құлсары қ. учаскесі, Қостанай облысында «Мариновка ауылына кіреберіс» тас жолының 0-9 – шақырымы, «Денисовка Тавриченка - Аршалы - Комаровка» тас жолының 42-96 - шақырымы, Приреченка - Комаровка ауылдарының учаскесі, «Қостанай - Жақсы - Қарабұтақ - Қостанай» тас жолының 4-5- шақырымы, Гашека көшесі - «Көктем» бақша бірлестігі учаскесі, «Қостанай – Әулиекөл – Сұрған» тас жолының 218-232 - шақырымы, Октябрьское ауылы мен Ақмола облысының шекарасы учаскесі, Маңғыстау облысында «Доссор - Құлсары - Бейнеу - Сайөтес - Шетпе - Жетібай - Ақтау» тас жолының 210-220 - шақырымы, Атырау облысының шекарасы - Боранқұл а. Учаскесі, Солтүстік Қазақстан облысында «Рощинское - Корнеевка - Волошинка» тас жолының 0-47 шақырымы, Рощинское - Корнеевка ауылдарының учаскесі, «Булаево - Возвышенка - Мологвардейское - Кирово-Қиялы - Рощинское» тас жолының 201-228 шақырымы, Шағалы - Рощинское ауылдарының учаскесі, «Волошинка - Сергеевка - Тимирязево» тас жолының 0-32 шақырымы, Волошинка - Кривощеково ауылдарының учаскесі. Аталған барлық учаскеде көлік кептелісі жоқ», – деді спикер.
Қазіргі таңда республикалық жолдарда 706 бірлік техника мен 1680 адам су тасқынын алдын алу бойынша жұмыс атқаруда. Сондай-ақ «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы Атырау облысында орын алға төтенше жағдайдың алдын алу үшін 117 арнайы техниканы жұмылдырды. Оның ішінде экскаватор, бульдозер, жүк тиегіш, трал, автогрейдер және басқа да техникалар бар. Қосымша тағы 66 бірлік техниканы жіберу жоспарлануда. Филиал мамандары жолдарды сақтап, елді-мекендерде барынша су тасқынының алдын алу үшін жұмыс істеуде.
«Сонымен қатар, 2024 - жылғы 2-9 - сәуір аралығында «ҚазАвтоЖол» мамандары Ақмола облысының бірқатар елді-мекендеріне 22 бірлік арнайы техниканы жұмылдырып, еріген қар суын алдын алу үшін тиісті шараларды атқарды. Атап айтсақ, Ақмола облысы Жібек жолы ауылы, Қосшы және Атбасар қалаларын 7 мың тонна құм, 423 текше қиыршық тас пен 3122 текше метр ұсақ тастармен жабдықтады. Жол жүйесінің барлық желісінде су алу қаупі бар 396 орын немесе 208 км жол анықталды. Қоғам су алу кезеңіне дайындық жұмыстары 100 пайызды құрайды», – деді ведомствоның баспасөз хатшысы.
ШҚО, СҚО, Павлодар, Қостанай, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарында су алу қаупі әзірге жоғары. Филиал мамандары осы аумақта тәулік бойы бақылау орнатып, алдын алу шараларын атқаруда.