09.04.2024 _ 18:20

Қарағанды облысында келтірілген залалды есептеу жөніндегі комиссия өз жұмысын аяқтады

Бүгінгі күні облыс аумағындағы су тасқыны жағдайы тұрақталды. Жергілікті жердегі басқару органдары халықтың тыныс-тіршілігін қалпына келтіру жұмыстарына кірісті. Қазіргі уақытта келтірілген залалды есептеу жөніндегі комиссия өз жұмысын аяқтады. Аккредиттелген ұйым толығымен үйлерді техникалық тексерудің, бүлінген мүліктің құнын толық есебін ұсынды. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Бауыржан Асанов ОКҚ алаңында мәлімдеді. 

Жақын арада ұсынылған есепке байланысты тұрғындарға төлемдер төленетін болады. Бұдан басқа, зардап шеккендерге 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы материалдық көмек көрсетілді. 

«Сатып алу немесе үй салу мәселесі қарастырылу үстінде. Сонымен қатар зардап шеккен елді мекендердегі халыққа азық-түлік, киім-кешек, техникалық жабдықтар, тұрмыстық техника ретінде гуманитарлық көмек көрсетілді. Жалпы халықтың тыныс-тіршілігін тезірек қалыпқа келтіру бойынша барлық қажетті шаралар қабылдануда», – деді спикер.