10.04.2024 _ 15:00

Жайық өзені деңгейінің көтерілуі басты назарда

БҚО-да су тасқыны жағдайы бойынша авариялық-құтқару жұмыстары өз жалғасын табуда. Су басуға байланысты 1 сәуірден бастап Орал қаласы мен 4 аудан бойынша төтенше жағдай жарияланған. Облыста су тасқыны қаупі әлі сейілген жоқ. БҚО төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі Нұржан Төлеуіш.

Қазір Жайық өзенінің су деңгейінің көтерілуі басты назарда. Су деңгейін есептеу үшін арнайы 6 пост құрылған. Күнделікті мониторинг жүргізіліп жатыр. Жайық өзенінің биіктігі 2 см-ге көтеріліп, 7 метр 13 см-ді құрайды. Ал, оның қауіпті деңгейі 850 см болып саналады. 

«Орал қаласында және облыстың Жайық өзенінің жағалауында орналасқан 7 аудан тұрғындарын уақытынан бұрын эвакуациялау және құлақтандыру жұмыстары жалғасып жатыр. Барлығына 1900-ден астам жұмылдырылды. 365 бірлік техника, 76 мотопомпа жұмыс жасап жатыр. Бүгінге дейін 13 мыңнан астам адам эвакуацияланды, оның 1800-і эвакуциялық пунктерде орналасқан, қалғандары туған-туысқандарының үйлеріне қайтарылды. Облыс бойынша 161 эвакуациялық пункт бар», – деді спикер. 

Қазір құтқарушылар саяжайлар орналасқан аумақтарды қатаң бақылауға алып, эвакуациялық жұмыстарды бастап отыр.