10.04.2024 _ 16:30

Сенат депутаты Г. Шиповских Қостанай өңіріне барды

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Геннадий Шиповских Қостанай өңіріне барып, су тасқынынан зардап шеккен азаматтармен кездесті. Сондай-ақ ол жергілікті мамандар және мәслихат депутаттарымен кездесіп, Қостанай облысындағы су тасқынына байланысты туындаған мәселелерді шешу жолдарын талқылады. Бұл туралы депутат ОКҚ алаңында хабарлады.

Г. Шиповских Қостанай облысындағы ирригациялық жүйелерді тексеру жұмыстарын қадағалады. Алда тағы бірқатар кездесу ұйымдастырып, халықты алаңдататын сұрақтарға жауап беру жоспарда бар. Келтірілген залалды бағалайтын комиссия мүшелерінің қызметі де жіті бақылауда. Олар барлық азаматқа қажетті консультация беруге дайын. Сондай-ақ депутат ҚР ҚХА мүшесі екенін атап өтіп, Ассамблея тарапынан көрсетіліп жатқан көмек жайында сөз қозғады. 

«Қазақстан халқы ассамбелясы зардап шеккен өңірлерге 240 тоннадан астам гуманитарлық көмек жіберді. Сондай-ақ 334 млн теңге қаражат аударылды. Ассамблея атынан 10 мыңнан астам ерікті зардап шеккендерге жәрдем беріп жатыр», – деді спикер.