11.04.2024 _ 11:25

СҚО-да су тасқыны жағдайын дрондар мен тікұшақтардың көмегімен аэровизуалды тексеру жүргізіліп жатыр

Қазіргі таңда Сергеев су қоймасының толымдылығы 176% -ды құрайды. Су қоймасындағы судың толуы 395 см-ге тең. Бұл 3 аудан мен Петропавл қаласын су басу қаупін тудырады. Тәуекел аймағында халықты хабардар ету және алдын ала эвакуациялау жүріп жатыр. Солтүстік Қазақстан облысындағы жағдай туралы өңір ТЖД бастығының орынбасары Мұрат Қанғожинов айтып берді.

Өңірлерден келген әскери қызметшілер күштері жұмыс істейді. Жолдарда 59 су толып кетуі тіркелген, олардың 17-сі дәл қазір орын алып отыр. 682 мың текше метр су айдау, арықтарды тазарту және каналдарды кеңейту жұмыстары жүріп жатыр. Дрондар мен тікұшақтардың көмегімен аэровизуалды тексеру жүргізіледі. Петропавл қаласы мен елді мекендердің айналасындағы қорғаныш үйінділерін нығайту жұмыстары жүргізілуде.