12.04.2024 _ 15:40

Қарағанды облысында зардап шеккен тұрғындарға өтемақы төленді

Қарағанды облысында 60 үй су тасқынынан зардап шекті. 89 бас ауыл шаруашылығы жануарлары шығын болды. Ветеринариялық-санитарлық нормаларды сақтай отырып, шығын болған барлық мал басы мол қорымының аумағында өртелді. Су тасқынынан зардап шеккен 60 отбасыға 100 АЕК мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек төленді. Зақымдалған жеке мүлік өтемақысы толық төленді. Мал орны толтырылды. Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Бауыржан Асанов ОКҚ алаңында осылай деп мәлімдеді.

Аккредиттелген ұйым су басқан үйлерге бағлалау және техникалық тексеру жүргізді. Барлық үй бойынша қорытынды берілді. 3 ауылдағы 6 үй апатты болып танылды. 5 отбасыға осы ауылдарда тұрғын үй сатып алынды. 1 отбасы қоныстанды. 1 үй салынатын болады. Құрылысқа жер учаскесін таңдау актісі жүргізілді. 

«Қалған 54 үй жөндеуден өтеді. Бұл жөндеу жұмыстары үшін өтемақы төленді. Тұрғындар жөндеуді өздері жасауға ниет білдіріп отыр. Жеке мүлік үшін де, салу үшін де өтемақы бойынша барлық тұрғынмен өтемақы сомасы келісілгенін атап өткен жөн. Су тасқыны салдарын жою жұмысы тұрақты және бақылауда», – деді спикер.