Зиянды өтеу және деректерді салыстыру жөніндегі комиссия жұмысынан кейін 6,8 мың бас ауыл шаруашылығы жануары су тасқыны салдарынан қаза тапқаны расталды. Оның 75%-ы ұсақ мал.
АШМ Республикалық эпизоотияға қарсы жасағы облыс әкімдіктерімен бірлесіп, өлген жануарларды жинау және жою жұмыстарын жалғастыруда.
«Барлық өлген малдың 96%-ы жойылды. Су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және зардаптарды жою жөніндегі республикалық штаб өлген жануарлардың құнын өтеу алгоритмін бекітті. Өтемақы алу үшін иелер залалды актілеу үшін жергілікті комиссияларға жүгінуі керек. Өтемақы мөлшері Ұлттық статистика бюросы жариялайтын түрлері мен жас топтарына қарай малдың нарықтық құнының деректері негізінде айқындалатын болады», – деп атап өтті спикер.