13.04.2024 _ 14:28

Су тасқыны жағдайына байланысты Президент биыл Астана халықаралық форумын өткізбеу туралы шешім қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі жойқын су тасқынының салдарын жою және зардап шеккен азаматтарға көмектесу үшін басқа шараларға жұмсалатын қаржыны барынша үнемдеу қажет екенін ескере отырып, биылғы 13-14 маусымға жоспарланған Астана халықаралық форумын өткізбеу туралы шешім қабылдады. 

Президент форумға шақырылған қонақтар бұл шешімге түсіністікпен қарайды деп сенетінін жеткізді. 

Астана халықаралық форумы өз жұмысын 2025 жылы жалғастыратын болады.