Орал қаласының маңындағы 900-ге жуық саяжай су астында қалды. Мамандардың болжамынша, РФ Орынбор облысынан үлкен су 17-19 сәуір аралығында келеді. Дайындық жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Жайық өзенінің жағасында 72,2 км қорғаныс құрылыстары салынды.
«Облыс әкімі қауіп төніп тұрған аумақтарына барып, су тасқынына қарсы шараларға жетекшілік етіп жүр. Қазіргі уақытта өзен бойында тұрып жатқан тұрғындарды эвакуациялау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Адамдарды орналастыру үшін алдын ала сыйымдылығы 8 596 орындық 161 уақытша орналастыру пункті дайындалды. Бүгінгі таңда эвакуациялық пунктерде 2 мыңға жуық адам орналасты», – деді спикер.
Қазіргі таңда зардап шеккен тұрғындардың шығынын есептеу бойынша арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр. Бүгінде 677 отбасыға 125 млн теңге көлемінде бір реттік әлеуметтік көмек берілді.