14.04.2024 _ 12:30

Атырау облысының Жылыой ауданында оң динамика байқалады

Соңғы бірнеше күнде Жем өзенінің төмендеуі 85 см-ді құрады, «Доссор-Құлсары» тас жолын қалпына келтіру жалғасуда, қаланың өзінде суды айдау жұмыстары белсенді жүргізіліп жатыр. Оған 58 бірлік техника жұмылдырылды, соңғы тәулікте 11 мың текше метр су тартылды, сондай-ақ үйлерге электр энергиясын беру қайта жаңғыртылуда.

Атырау облысы әкімінің баспасөз хатшысы Руслан Жұмағазиев бірнеше күн ішінде 500 үйге электр қуаты қайта қосылғанын айтты. Күн сайын 6 бригада, 8 бірлік техника 60 – 100 үйді жүйеге қосады.

«Жылыой ауданы бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты, күн сайын су сынамалары алынады, сондай-ақ жанармай құю станциялары, азық-түлік дүкендері, дәріханалар мен қоғамдық тамақтану орындарының қызметі қайта жанданды. Өткен тәулікте Жылыой ауданында эвакуация жүргізілген жоқ. Мұны атап өту өте маңызды», – деп атап өтті спикер.

Жайық өзенінде жағалауды нығайту жұмыстары жалғасуда. 13 - сәуірде жоспарланған 222 бөгеттің 113 шақырымы салынды. 935 бірлік техника, 2500-ге дейін түрлі ұйым қызметкерлері, 3000-нан астам еріктілер жұмылдырылды.

Сапа және техникалық қадағалау орталығымен бірлесіп, бөгеттердің беріктігін сынау басталды. Осыған ұқсас жұмыстар басқа аудандарда да жалғасуда.