14.04.2024 _ 14:20

Жақын арада 700-ге жуық әскери қызметші су тасқынына қарсы іс-шараларға тартылды

«Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы Ержан Ибраев ОКҚ тікелей эфирінде Петропавл қаласындағы жағдай күрделі болып қалатынын хабарлады. Қорғаныс министрлігі 700 адамнан тұратын жеке құрамның күштері мен құралдарын, 33 техниканы орналастырды. Негізгі күш-жігер бөгеттерді нығайту, құм салынған қаптарды дайындау және халықты эвакуациялау жөніндегі іс-шараларды орындауға бағытталған.

«ІІМ және ТЖМ-мен бірлесіп, су басқан елді мекендер мен үйлерді күзету бойынша іс-шараларды орындаймыз. Халықты ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында тыл техникасы қамтамасыз етілді. 1600 адам эвакуацияланды», – деді спикер.